«Сатыбалды ишан» кесенесі

📌50°10’55.59″N  65°10’24.51″E

📏Аркалык – Мавзолей Сатыбалды Ишан 144 км.

📚САТЫБАЛДЫ ИШАН ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ МӘЛІМЕТТЕР БІЛЕСІЗ?

👩💻Сатыбалды Ишан (1826-1898 ж.ж.) өз заманындағы дінге берік жандардың бірі болды. Ол кішкентайынан діни білімге ден қойды. Өзінің екінші әкесі Шомақтың қамқорлығы арқасында (ол бала кезінен жетім қалған) Сатыбалды Ташкентке аттанады. Ұзақ сапар барысындағы түрлі азап пен қиыншылықты бастан өткерген ол Ташкент медресесіне оқуға түсіп, кейіннен озат оқушы ретінде Бұқарға оқуға жіберілген.
Талантты азамат 14 жылын оқуға арнап, Орта – Азиялық мұсылмандар Кеңесі мүшелерінің алдында емтихан тапсырудан да сүрінбей өтіп, бір ауыздан мәртебелі дәреже – Ишан атағын алады.

#БЖОЖАСҰЛАНАРҚАЛЫҚ #ДЮЦЖАСУЛАНАРКАЛЫК

Жарияланды: 03.02.202114:42

Автор: