«Әсемпаз болма әрнеге» тақырыбында қалалық жайдарман ойындарының 1/8 финалдық сайыстары
Қарашаның 6 сы күні «Жас Ұлан» БЖО АКТ залында «Әсемпаз болма әрнеге» тақырыбында қалалық жайдарман ойындарының 1/8 финалдық сайыстары өтті.
Сайыс кезеңі:
1)Cәлемдесу
Ойынға қала мектептерінен барлығы 6-команда қатысты:
1) «Кейкі рухы» Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
2) «Кейкі ұрпақтары» Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
3) «Тентектер» «Жас Ұлан» БЖО командасы.
4) «Фаворит» «Жас Ұлан» БЖО командасы.
5) «Пути-пути» Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
6) «Қызыл қозы» Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия командасы.
Әділ-қазылар алқасы:
1) Әміржан Наурызбек – Арқалық жайдарман филиалының директоры.
2) Ербосын Рамазан – «Позитив» жайдарман клубының жетекшісі.
3) Құндақбаев Айбек – «Ұландар» АркПИ жайдарман командасының ойыншысы.
Ойын қортындысы бойынша барлық қатысқан команда 1/4финалдық ойынға жолдама алды.Әртістік шеберлігімен көзге түскен 2ойыншы сайыстың «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды. Олар:
1)Қали Ерхан – Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің «Пути-пути» командасы ойыншысы.
2)Мақсұтбек Ерназар – Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия «Қызыл қозы» командасы ойыншысы .