“Шабыт” театр үйірмесінің Жаңа жылдық қойылымы

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы “Шабыт” театр үйірмесінің Жаңа жылдық қойылымы.
2023 жылдың 21-29 желтоқсан аралығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының қала мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарламасы аясында «Шабыт» театр үйірмесі жаңа жылдық ертегі қойды. Жаңа жылдық ертегіде барлығы – 10 кейіпкер болған еді. Рөлдегі кейіпкерлер орталықтың педагогтері мен «Шабыт» театр үйірмесінің тәрбиеленушілері. Соның ішінде, актерлік шеберліктерімен көзге түскен «Ұлу» кейіпкері Омарова Тұмар, «Періште» кейіпкері Сайлаубек Сабира, «Ескі жыл Қоян» Байша Аружан. Айта кетейік, қатысқан оқушыларға 9 күндік жаңа жылдық бағдарлама соңында арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталған еді. Қорытындылай келе, «Шабыт» театр үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен жаңа жылдық ертегі көрермен көңілінен шықты.


Жарияланды: 09.01.202415:55

Автор: