Cпорт клубы «Алатау»

2017 жылы құрылған «Алатау» жарға өрмелеу спорт клубы мектеп оқушылары мен Арқалық қаласының тұрғындарына жарға өрмелеу спорт түрлерімен айналысу арқылы, денеңізді нығайтуға, төзімділікті пен икемділікті дамыту мүмкіндігін ашты.
Жарға өрмелеу – бұл құмарды арттыратын әрекет. Жаңа шыңды бағындыру арқылы күшті адреналиндік шабыттануға мүмкіндік береді. Клуб белсенділері жетекшілерімен бірге өрмелеуге арналған жарларды мейлінше күрделі кезеңдерге(көлемін кішірейтуге,іліктерді сирек орналастыруы сияқты) өзгертіп отырады.
Балалар жаңа кезеңдерді бағындыру арқылы,сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысады, Клуб барлық қажетті құралдармен жабдықталған (стандартқа сай өрмелеу жарлары, биіктігі 7 метр, 5 эталлонды жолдар, сақтандыру құралдары, тартпа баулар, карабиндер, арнайы арқандар). Клуб қалалық жарыстар, чемпионат шеберлік сыныптарын және басқа да іс-шаралар өткізеді.