«Спорттық жүзу» клубы
Суда жүзуді үйрету – үлкен өнер. Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады). Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады.
Осы орайда қаламыздағы «Жас-Ұлан» балалармен жасөспірімдер орталығындағы «Спорттық жүзу» клубының тәрбиеленушілері үшін барлық жағдай жасалған. Клуб тәрбиеленушілері спорттық жүзудің қыр- сырын үйреніп қана қоймай түрлі қалалық жарыстармен облыстық жарыстарғада қатысып отырады.
Суда жүзудің пайдасы:Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.