«Суға арналған шеңбермен 25 метр қашықтыққа бару», «Сырғанақтан сырғанап допты шеңберге дәл тигізу»

«Суға арналған шеңбермен 25 метр қашықтыққа бару», «Сырғанақтан сырғанап допты шеңберге дәл тигізу» Қостанай облысы, Арқалық қаласы БЖО «Жас Ұлан» орталығында Астана күнінің 25 жылдығына орай 10 шілде күні мектеп жанындағы лагерь оқушыларының орта топ балалары арасында бассейнінде командалық ойындар өтті. «Суға арналған шеңбермен 25 метр қашықтыққа бару», «Сырғанақтан сырғанап допты шеңберге дәл тигізу» бойынша жарысты. Қатысушылар өте керемет мықты командалар болды. Балалар өте қызықты әрі көнілді ойындарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Команда бойынша 1орынды Кейкі батыр атындағы №4 ЖББ мектеп командасы алды. 2 орынға ие болған команда №10 ЖББ мектебі. 3 орынға ие болған команда Ә. Бөкейхан атындағы ЖББ мектебі. Жеңімпаздарға мақтау грамотасымен марапатталып, бассейнге 1күн тегін түсуге сертификат табысталды. Жарысқа әкелген оқушылардың жетекшілеріне алғыс білдіреміз.

 


Жарияланды: 11.07.202312:42

Автор: