Төрт тоқсан-төрт өнер
2023 жылдың 7 қыркүйек күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ақындар айтысы» атты іріктеу сайысы өтті. Рухани-адамгершілік, эстетикалық, ұлттық өнер, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың ақындық шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында «Жас Ұлан» БЖО клубтарының тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған еді. Сайыс өте қызу өтіп, оқушылар орақ тілділерімен әділ-қазылар алқасын таңғалдырды. Әсіресе, домбырасын күмбірлетіп, сөзіне мақамын сай келтірген қатысушы Бақыт Асқар көрермен көз айымы болды. Онымен қоса, сөз жүйріктігімен, ұйқасымен көзге түскен оқушылар да болғанын айта кетейік. Олар, «Тұмар» клубының тәрбиеленушісі Ихсан Нұрай мен «Домбыра-дастан» клубының тәрбиеленушісі Молдабеков Ербол.