«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ақындар айтысы» атты іріктеу сайысы өтті
2023 жылдың 24 қазан күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ақындар айтысы» атты іріктеу сайысы өтті. Рухани-адамгершілік, эстетикалық, ұлттық өнер, патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың ақындық шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында «Жас Ұлан» БЖО клубтарының тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған еді. Ақындар өз арасында суырып салып, өнерімен көзге түсіп үздік деп танылған төрт ақынымыз финалға жолдама алды. Сайыс өте қызу өтіп, оқушылар орақ тілділерімен әділ-қазылар алқасын таңғалдырды. Әсіресе, домбырасын күмбірлетіп, сөзіне мақамын сай келтірген қатысушы Қайратұлы Нұржан көрермен көз айымы болды. Онымен қоса, сөз жүйріктігімен, ұйқасымен көзге түскен оқушылар да марапатталды.