«Тәуелсіз елдің ұрпағы»тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы жас ақындар айтысы

«Домбыра-дастан» отауының ұйымдастыруымен тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған қала және ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы жас ақындар айтысы өткізілді.
Ақындар айтысына белгілі айтыскер ақын – Сәлімжан Асылхан мен орталығымыздың «Ботақан» телестудиясының жетекшісі – Демесінова Сымбат, қалалық балалар ұйымы штабының төрайымы – Алдамжарова Ақбота әділ- қазылық жасады.
Әр азамат өзінің туған жерін қанша жырласа да, оған деген махаббатының сарқылмасы анық. Оған осы айтыс дәлел болғандай. Ақындар жан-жақтан өз елін, туған жерлерін , тәуелсіздікті өз деңгейінде жырға қосты.
Өнер додасының барысында көрермендер Байғазин Руслан мен Тілектес Асардың айтысына ерекше қошемет көрсетті. Жас ақындар бір-біріне сауал тастап, оған тапқырлықпен, ұтымды жауап беріп көпшіліктің
ризашылығына бөленді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған айтыстың қорытындысында жүлделі 3 орынға Кейкі Батыр атындағы №4 мектебінен Төлеуов Жәнібек ие болса, 2 орынға Б.Майлин атындағы №3 мектебінен Рагат Нұрислам лайық деп танылды. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген Восточный орта мектебінің оқушысы Байғазин Руслан жүлделі 1 орынды қанжығасына байлады. Қатысқан баскаоқушы ақындар да арнайы мадақтамамен марапаттарға ие болды.

Төл өнеріміз айтыстың жастарымызға берері көп. Сондықтан да түркі еліне ортақ айтыс өнерінің дамуы мен болашағына осындай жас өрендеріміз барда еш алаңдамасақ болады.


Жарияланды: 09.11.201809:14

Автор: