Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый

Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық борышы.
“Жас-Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында, “Ботақан” балалар телестудиясында 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай “”Тәуелсіздік- тәңірден келген тәтті сый” атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары ретінде Сулекеева Айгүл Алпысовна және Құсайын Дәмет Есенжолқызы шақырылды. Кеш барысында желтоқсан батырлары өз көріп білгендерімен бөлісті. Іс -шараның соңы сыйлық табыстаумен және игі тілектермен аяқталды.
Телестудия жетекшісі: Әмірғалиева Аяжан Шахмарденқызы.


Жарияланды: 22.12.202007:29

Автор: