“Таланттар шоқ жұлдызы”
Қостанай облысы, Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында 11 – сәуір күні “Таланттар шоқ жұлдызы” атты қалалық жас қырандар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың бойындағы талантты анықтау және қолдау, шығармашылық қабілеттерін ашу болды. Байқауға ауыл және қала мектептерінен 13 оқушы қатысып, өз таланттарын көрерменге паш етті. 4 кезеңнен тұратын сайыстан оза шыққандар: 1 – орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Жұмабай Айсұлу иеленді. 2 – орынға Кейкі батыр атындағы #4 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Ерғазы Ясмина ие болды. 2 – орын А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназия оқушысы Берікқызы Інжу жеңіп алды. 3 – орынды Ә.Бөкейхан атындағы мектеп оқушысы Таңатқан Ақерке иеленді. 3 – орынға Аңғар мектебінің оқушысы Бақытбек Кәусар ие болды. 3 – орын Қайыңды мектебінің оқушысы Абат Айзере дипломдармен марапатталса, қалған қатысушыларға белсене ат салысқаны үшін мақтау қағаздары табысталды. Ұйымдастырушы “Жас Ұлан” балалар ұйымының қалалық штаб төрайымы Ыбыраева А.Д.