«Тұмар» би клубы

«Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер орталығында «Тұмар» би үйірмесі жұмыс жасайды. «Тұмар» би үйірмесінің мақсаты-оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту, музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру, өзін өзі ұстай білуге тәрбиелеу. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Би үйірмесінің міндеті оқушылардың әуенді сезіну түсіну қабілеттерін дамыту, есте сақтау ілікке, еңбекқорлыққа эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу. Атаулы үйірмеге 7-16 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады.