«Таза Қазақстан»
Бүгін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы ұжымы «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізу, көшеттердің топырағын қопсыту шарасы ұйымдастырылды. Іс – шараның мақсаты – қала тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады. Таза қала – бізден басталады.