”ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық өнерді жаңғырту мақсатында және де мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 28 қыркүйек күні Арқалық қаласы өнерпаздары Амангелді ауданына барып концерттік бағдарламасын паш етті. Өнерпаздарды құшақ жая қарсы алып, әр өнерпазға қошеметін көрсеткен Амангелді ауданының халқына ризашылығымыз шексіз!