Театрдың ғажайып әлемі» атты облыстық фестиваль байқауының іріктеу кезеңі біздің қаламызда өткізілді.

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жас актер» театр үйірмесінің ұйымдастыруымен   ағымдағы 27 Сәуір күні қала және ауыл мектеп оқушылары арасында « Театрдың ғажайып әлемі» атты облыстық фестиваль байқауының іріктеу кезеңі біздің қаламызда өткізілді.
Байқау бойынша 4 номинациядан құралған сайысымыз қарқынды түрде ұйымдастырылған болатын.Драма,әдеби музыкалық композиция және қуыршақтар қойылымы номинациясы бойынша мектеп оқушылары өз бақтарың сынай білді.Фестиваль байқауымыз арқылы оқушылардың талантын  көрермендерге аша білдік деп толықтай айта аламыз.
Байқауға қатысушы мектептердің көбісі «драма» жанрың таңдап  ережеге сай қойылым көрсете білді.
-Қатысу шарты бойынша оқушылардың жас ерекшелігі қарастырылып , қойылым туралы  мектептерге алдын ала ақпарат берілді.
Байқаудың нәтижесі бойынша әділ қазылар шешімімен жүлделі орын иегерлері анықталды.
Қорытынды бойынша :«Драмалық қойылым»номинациясы бойынша
1-орын:Қайыңды негізгі орта мектебі
2-орын:М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі
3-орын: Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебін жүлделі орындар иеленуімен құттықтаймыз.
Ал номинация бойынша қорытындыласақ,өз өнерімен ерекше көзге түсіп көрермен көзайымы атанған оқушы:
«Ең үздік актриса»  – Қырғи Адия,
Ә.Бөкейхан жалпы білім беретін мектебінің 5«А» сынып оқушысы марапатталды.

Жарияланды: 03.05.202307:08

Автор: