“Торғай өңірінде мекендейтін жануарлар” қалалық презентация байқауы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы “Жас Ұлан” БЖО-да “Какаду” клубының ұйымдастыруымен 28-қараша күні “Торғай өңірінде мекендейтін жануарлар” қалалық презентация байқауы өтті. Презентацияға барлығы 13 ауыл және қала мектептерінің оқушылары қатысты. Жан-жақты ізденіспен дайындалған оқушылардың жұмысты қорғау ерекшелігіне қарап әділ қазылар алқасы төмендегідей қорытынды шығарды:
1-орынды №1 мектеп оқушысы Дүйсенова Карина, №6 мектеп оқушысы Камалова Аида және Ы.Алтынсарин ат.гимназия оқушысы Шашубай Жанбота иеленсе,
2-орынды №4мектеп оқушысы Қоғалбаева Гүлсая, Қайыңды мектебінің оқушысы Молдағали Ернар, Қызылжұлдыз мектебінің оқушысы Бурткумбаев Нұржан иеленді.
3-орынды №3 мектептің оқушысы Қалдығара Азамат, №1 мектеп оқушысы Болат Айдана, Фурманов мектебінің оқушысы Абдильдина Ділназ қанжығаларына байлады. Қалған қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық қатысушылар мен дайындап әкелген жетекшілерге алғысымызды білдіреміз.
“Какаду” клубының жетекшісі: Ыбырай Амантай Диханұлы