Туған өлке көшелерімен
Қала және ауыл мектеп оқушылары арасында “Туған өлке көшелерімен” қашықтан виртуалды экскурсиялары байқауын өткізуге әдістемелік ұсынымдар
1 . Жалпы ережесі
1.1. «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК іс- шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 5-25 мамыр күні, қала және ауыл мектеп оқушылары арасында “Туған өлке көшелерімен” қашықтан виртуалды экскурсиялары байқауы өткізіледі.
2. Мақсат міндеттері:
Мақсаты: виртуалды экскурсиялар жасау арқылы қала және ауыл мектептерінде туристік-өлкетану жұмыстарын танымал ету .
Міндеттері: – оқушыларды белсенді қоғамдық өмірге тарту;
- зерттеу жұмысы, ақпаратты жүйелеу және құрылымдау дағдыларын дамыту;
- конкурсқа қатысушылардың ақпараттық-технологиялық дағдыларын жетілдіру.
3. Байқау құрылтайшылары:
Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК
4. Байқау қатысушылары:
Қала және ауылдардың жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары. Қатысушылар жасы 1-11 сынып оқушылары. Қатысу және жұмыс өтінімдерін 2021 жылғы 24 мамырға дейін келесі электронды мекен-жайға жолдау қажет: asel_240892@mail.ru
“Виртуалды экскурсиялар конкурсы”белгісімен. Байқау жұмысына Word форматындағы өтінім (берілген нұсқада)қоса берілуі керек.
ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕР САҚТАЛМАҒАН ӨТІНІМДЕР МЕН ЖҰМЫСТАР БАЙҚАУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ.
5. Байқаудың өткізілу күні:
5.1. Байқау 2021 жылғы 5 мамырдан 25 мамырға дейін өткізіледі. Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2021 жылғы 5 мамырдан 24 мамырға дейін. Байқау қорытындысы 2021 жылдың 25 мамырда шығарылады. Байқау қорытындысы “Жас Ұлан” БЖО сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланады.
6. Байқау жұмыстарына қойылатын жалпы талаптар:
6.1. Әрбір қатысушы байқауға фотосуреттерде, бейнероликтерде, 3 D виртуалды экскурсияда 1-ден артық емес экскурсия ұсына алады.
– Экскурсия тақырыбын және маршрутты таңдау еркін. Авттор экскурсиялық нысандарды өз бетінше дербес таңдайды;
– Виртуалды экскурсия таңдалған тақырып бойынша тұтас әңгіме болуы тиіс;
– Бұл Арқалық қаласы немесе сіздің аулыңызға виртуалды экскурсия болуы тиіс, оған бірнеше объектілер (мектептер, көшелер, алаңдар, естелік орындар, маңызды объектілер және т.б.) кіреді.
– Экскурсия ұзақтығы-5 минуттан аспайды;
Бейнеге түсіру үшін кез-келген жабдықты пайдалануға болады: бейнекамера, фото аппарат, ұялы телефон және т. б;
– Бейне, слайд-шоу жасау үшін Movavi Video Editor Plus бағдарламасын немесе басқа ұқсас бағдарламаны пайдалануға болады;
– Бейне үзікте бейне, мәтін, суреттер, дауыс, әуен және т.б. болуы мүмкін (бейнеге түсініктемелер мәтіндік және дыбыстық ілесу болуы мүмкін).
6.2. Бейне роликтер ұзақтығы:
–бейне ролик 1 минуттан кем болмауы керек. Максималды ұзақтығы-мобильді құрылғыдан жүктелген бейнелер үшін 5 минут. Бейненің максималды мөлшері – 650 МБ. MP4 бейне пішімі.
6.3. Ажыратымдылық және бейне өлшемі. Тік бейнелер үшін арақатынас 9:16, ал көлденең бейнелер үшін — 16:9. Минималды кадр жиілігі-30 кадр / с.минималды ажыратымдылық — 720 пиксель.
7. Байқау қорытындысы:
7.1 Байқау қорытындысы келесі жас топтарында шығарылады:
кіші жас-1-4 сыныптар,
орташа жас-5-8 сыныптар;
аға жасы-9-11 сыныптар.
8. Жұмыстарды бағалау өлшемдері
Жұмыстарды бағалау келесі 2- қосымшада критерийлер бойынша жүргізіледі:
– Экскурсиялық объектілерді таңдау орындылығы және көрсету мен әңгімелеу тәсілдері
– мазмұндау логикасы, мазмұндылығы, сауаттылығы.
– шығармашылық тәсіл, идеяның бірегейлігі.
– экскурсия жасау үшін пайдаланылатын құралдардың күрделілік деңгейі.
– жалпы қабылдау (эмоционалдылық, сенімділік, визуалды және музыкалық құралдар және т. б.).
9. Қатысушыларды марапаттау
Жеңімпаздар БЖО «Жас-Ұлан» мадақтамалары мен сыйлықтарымен марапатталады. Қатысушылар мен жеңімпаздарды дайындаған педагогтарға орталық сертификаттары беріледі.
ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ
«Ауылым-алтын бесігім» туристік-өлкетану клубының жетекшісі
Оразалина Асель Даурновна
тел.: 8 705 766 24 69
№1қосымша
Қала және ауыл мектеп оқушылары арасында “Туған өлке көшелерімен” қашықтан виртуалды экскурсиялары байқауына қатысуға
сұраныс
Қатысушы Т.А.Ә толығымен |
Білім беру ұйымының атауы (толығымен ) |
Туған жылы күні . Сыныбы |
Жетекшінің Т.А.Ә толығымен Байланыс телефоны Электронды поштасы |
№ 2қосымша
Критерии |
Бағалау сипаты (Критерий) өлшемі |
бағалау шкаласы |
Экскурсиялық объектілерді таңдау орындылығы және көрсету мен әңгімелеу тәсілдері |
Экскурсия объектілері мен олар туралы ақпарат экскурсия мақсатына жетуге мүмкіндік береді, көрсету мен баяндаудың ақталған тәсілдері таңдалды |
4 ұпай |
Мазмұндылығы мен сауаттылығы |
Ақпарат саяхатшылардың жасына сәйкес келеді, ақпараттың шамадан тыс жүктелмеуі, ақпарат ойластырылған және негізделген, экскурсия тақырыбы ашылды |
4 ұпай |
Жұмысты мазмұндау логикасы |
Экскурсияның бөліктері арасында логикалық байланыстар бар, кіріспе мен қорытынды ойластырылған |
3 ұпай |
Жұмысты рәсімдеу |
Ұқыптылық , рәсімдеу мәдениеті, сауаттылық бағаланады |
3 ұпай |
Шығармашылығы |
Идеяның өзіндік ерекшелігі. Ресімдеу үшін пайдаланылатын құралдардың күрделілік деңгейі. |
2 ұпай |
Жалпы қабылдау |
Эмоционалдылық, нақтылық, визуалды және музыкалық құралдар және т. б. |
4 ұпай |
Ең жоғарғы көрсеткіш: |
20 ұпай |