«Туған өлкем» фестивалі

12 мамыр күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР» Ұлттық мәдени – ағартушылық жобасы аясында қалалық «Туған өлкем» фестивалі өткізілді.
«Туған өлкем» фестивалінің мақсаты – оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкені зерделеу арқылы туристік-өлкетану қызметін жандандыру. Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті, әдемі және ішкі жерлерін таныстыру.
1 орынды Асанханова Аружан /Ы.Алтынсарин атындағы гимназия/, 2 орынды Абдигалим Аяулым /№8 негізгі орта мектебі/, 3 орынды Булат Айдана /№1жбб мектебі/ иеленді.
Оқушылар мен жетекшілеріне алғыс білдіремін.

Жарияланды: 15.05.202307:16

Автор: