«Туған Отан әнұранын орындау!» қалалық онлайн – челлендж.
4 Маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында қала және ауыл мектеп оқушылары арасында «Туған Отан әнұранын орындау!» атты қалалық онлайн челленджі өткізілді.
Челлендждің негізгі мақсаты: Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу болып табылды.
Челленджге қала және ауыл мектеп оқушылары белсенді түрде ат салысты, қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмады. Әрбір қатысушының бойынан әнұранды шырқау арқылы елімізге деген патриоттық сезімі, Тәуелсіздігімізді мақтан тұтатындығын көрінді. Елжіреп шырқаған әнұран, биікте желбіреген көк туымыз одан әрі кеудеміздегі мақтаныш сезімін ұлғайта түсті.
Барлығы челленджге 35 жұмыс қабылданды, үздік деп танылған жұмыстар белсене ат салысқандары үшін марапатталды.
Барлық қатысушыларды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз !!!