«Эдельвейс» спорттық туризм клубы
«Эдельвейс» спорттық туризм клубы 2016 жылы құрылды. Спорттық туризм – бұл өзара көмек пен қол ұшын беру, спорттық тәртіп, өзін-өзі жетілдіру және білім мен тәжірибені қатар ұстау дәстүрі қалыптасқан, спорттың командалық түрі болып табылады.
Клуб атауының да осылай болуы кездейсоқтық емес. Өйткені, Эдельвейс гүлі тау халықтарындағы батылдық пен төзімділіктің символы болып саналады, сондай-ақ клубқа қатысушы балалар да барлық жарыстарда рухтың беріктігін және қиын жағдайлардың шешілетіндігін кедергілерден өту кезінде көрсетеді.
Клубта қазіргі заманғы сақтандыру – құтқару және бивуалдық жабдықтар бар, клуб тәрбиеленушілері облыстық жарыстардың тұрақты қатысушылары мен жүлдегерлері болып табылады.
Клуб белсенділерімен ұйымдастырылатын қала оқушыларына арналған “Туристік соқпақ” спорттық бағдарлаудан жарыс өткізу дәстүрге айналды. Клуб мүшелері кезең төрешілері ретінде қатысады.
Балалар мен клуб жетекшісі үшін турист болу – табиғатты сүю, сүйікті ісіне адал болу, егер ол қажет болса, бір-біріне иық арту, өйткені туризм тек спорт емес, бұл өмір салты!