«Атлет» ауыр атлетика клубы.

Қосымша білім беру аясында жаттығу залындағы сабақтарға арналған бағдарлама денсаулықтың негізгі және дайындық топтарының оқушыларына арналған.
Жаттығу залында қыз балалар арасында 8 – 9, 10 – 11 сынып оқушылары және ер балалар арасында да 8 – 9, 10 – 11 сынып оқушылары жаттыға алады. Бағдарлама теориялық және практикалық сабақтар өткізуді, оқушылардың бақылау нормативтерін орындауын көздейді.
Қосымша білім берудің секциялық жұмыстарын ұйымдастыру үшін жаттығу (тренажер) залында оқушылардың сабаққа қатысуға деген ынтасы мен қызығушылығы болуы тиіс.
Оқушылар денсаулықты жақсарту, физикалық қасиеттерді дамыту, қатысушылардың өзара қарым-қатынас жасауы, жағымды көңіл-күйі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жаттығу сабақтарына қатысатынын түсінуі керек.
Оқыту-жаттығу сабақтары жаттығатын құрылғыларда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нақты нұсқаулықтан кейін ғана басталуы тиіс. Сабақтар пауэрлифтинг сияқты спортқа бейімделген үздік оқушылар ғана спорттың осы түріндегі қалалық және облыстық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
Оқушыларға жүктемелер мөлшерлі көлемде берілуі керек және оның көлемін физиологиялық белгілері бойынша анықтай алуы керек екенін түсінгені жөн.
Топтарда жұмыс істеудің негізгі принципі-әмбебаптық. Осыған сүйене отырып, денсаулық сақтаудың дайындық тобының балалары үшін жүктеме неғұрлым жеңіл түрде және белгілі бір бұлшықет тобын дамытуға немесе нығайтуға бағытталған.
Арнайы жаттығу құралын (тренажерді), салмақ пен жүктемені таңдау кезінде оқушының жас ерекшелігі, жынысы және дене шынықтыру деңгейі ескеріледі.
Денсаулықты нығайту міндеттері, дұрыс физикалық дамуға және жан-жақты дене шынықтыруға жәрдемдесу, тірек-қимыл аппаратын нығайту, жылдамдықты, икемділікті, ептілікті дамыту әр оқушымен жеке шешіледі..
Жыл бойы топтарда жаттығу жұмысының міндеттері шешіледі — оқушыларды одан әрі жан-жақты даярлау, сондай-ақ белгілі бір бұлшықет топтарына әсер ететін жүктеменің әртүрлілігіне байланысты жаттығу құралдарының (тренажерлердің) жаңа мүмкіндіктерімен танысуы.
Бірінші жылы қатысатын оқу топтары үшін жаттығу сабақтары аптасына 2 рет 2 сағаттан өткізіледі.
Аптасына сағат саны — 4
Сабақтың ұзақтығы — 2 сағат
Сабақтардың жиілігі — аптасына 2 рет
2,3 жылы қатысатын оқу топтары үшін сабақтар аптасына 3 рет 2 сағаттан өткізіледі.
Аптасына сағат саны — 6
Сабақтың ұзақтығы — 2 сағат
Сабақтардың жиілігі — аптасына 3 рет
Жеке сабақтарға арналған топ аптасына 2 рет 1 немесе 2 сағатқа созылады..