“Балықтардын турлері” презентация байқауы
03 Қараша “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында, “Какаду” отауының ұйымдастыруымен “Балықтың түрлері” атты презентация байқауы болып өтті. Презентация байқауының негізгі мақсаты:
1) Оқушылардың балық түрлерін білуге, саны азайып бара жатқан балықтар, балық шаруашылығы туралы білімдерін арттыру.
2) Оқушылардың іскерілігі мен танымдық белсенділігін, зейінің, шығармашылығын дамыту.
3) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Байқау қала және ауыл мектептері арасында өткізілді. Байқау талаптарына сәйкес келген жұмыстар жүлдері орындарға ие болды. Олар:
1 орынды Кейік батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 8 оқушысы Серікбаева Аружан жеңіп алды.
2 орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия 8 мектебінің оқушысы Шашубай Жанбота иеленді.
3 орынды А Макеренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 оқушысы Ергазина Балым қанжығасына байлады.
Байқаудан орын алған және қатысқан оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.