«Қызықты өткен бір күнім!» қалалық STORIES байқауы

Сәлем, достар! Қалдарыңыз қалай? «Жас-Ұлан » балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Қызықты өткен бір күнім!» атты қалалық stories- тер байқауының басталғандығын жариялаймыз. Заман талабына сай бола отырып, жаңа әлеуметтік желілердегі функцияларды пайдалануды үйрету, жаңашыл ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға оқушылар күнделікті түсірілген стористарын, қызықты сәттерін жинақтап, видеоролик ретінде жіберулері қажет.
• Видеороликтің ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;
• Байқауға жұмыстар – 2021 жылдың 13.01-27.01 уақыт аралығында қабылданады.
• 1.Байқауға 1-11 сынып аралығындағы қала-ауыл мектеп оқушылары қатыса алады. Оқушы өз қалауы бойынша еркін тақырыпта сторис түсіре алады.
• Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталады. Байқауға қатысушылардың жұмыстары және белсенді қатысушылар туралы ақпарат «Жас-Ұлан» БЖО сайтына, Instagram, facebook парақшаларына және YouTube каналына жарияланады.
• Жұмыстарыңыңызды 27.01.2021 жылға дейін esimhanovazhans@bk.ru почтаcына немесе
• 8-747 -728-15-98 Whatsapp номеріне жіберулеріңіз сұралады.

Жарияланды: 21.01.202110:08

Автор: