«Заң мен тәртіп-қоғам темірқазығы» тақырыбында кеңес отырысын өткізді
«Заң мен тәртіп-қоғам темірқазығы»
2025 жылдың 15 қараша күні «Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер орталығында » Бір тұтас тәрбие бағдарламасы аясында, қала және ауыл мектептерінің жанынан құралған «Адал Ұрпақ» үйірмелерінің әдіскері Жақсыбай Еламан Жұмағұлұлының ұйымдастырумен қала және ауыл мектептерінің «Адал Ұрпақ» үйірме жетекшілеріне «Заң мен тәртіп-қоғам темірқазығы» тақырыбында кеңес отырысын өткізді. Кеңес отырысына арнайы түрде Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері, Қала және ауыл мектептерінің жанынан құралған «Адал Ұрпақ» үйірмелерінің төрағасы Ерлан Болатбекұлы және «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер орталығының директорының орынбасары Роговой Игорь Иванович қатысты. Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері, Қала және ауыл мектептерінің «Адал Ұрпақ» үйірмелерінің төрағасы Ерлан Болатбекұлы сөз сөйлеп кеңес отырысын ашып берді. Сонымен қатар қала және ауыл мектептерінің жанынан құралған «Адал Ұрпақ» үйірмелерінің әдіскері Жақсыбай Еламан Жұмағұлұлы «Мектептегі тәртіпсіздіктің алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама оқып, презентация жұмыстары, бейне роликтер көрсетті. Еламан Жұмағұлұлы қала және ауыл мектептерінің «Адал Ұрпақ» үйірме жетекшілеріне «Танысу тренингін» және «Бірлігіміз жарасқан тренингін» өткізді.
Бір тұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп-қоғам темірқазығы» атты кеңес отырысын қортындылай келе «Зан мен тәртіп» тақырыбында бейне ролик көрсетіліп, «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер орталығының директорының орын басары Роговой Игорь Иванович қорытынды сөз сөйлеп, естелік суретке түсумен аяқталды.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do