“Спорттық жүзу” мен “Жүзу” клубтарының жұмыстары

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында танымал әрі балалардың сүйікті клубтарының бірі «Жүзу» мен «Спорттық жүзу» өз жұмысын атқарады. Орталықта екі жүзу бассейні бар, мұнда балалар жүзуді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық сақтаудың кешенді процедураларынан өтуге мүмкіндік алады. Олар спорттық жүзудің әртүрлі түрлеріне, старттар, бұрылыстар және эстафеталар техникасына машықтанған. Жүзу топтық сабақ түрінде өткізіледі. Мұндай жаттығулар тиімді болып табылады, оларда бәсекелестік қабілеттері жоғары болады. Жүзе алмайтындар үшін жанындағы балалар олардың қорқыныштарын жеңіп,  сенімді болуларына көмектеседі.


Жарияланды: 14.10.202210:56

Автор: