«Үздік балалар ұйымы» марапаттауына ие болдық!!!

«Жылдың Халық сүйіктісі» Қазақстан ұлттық сыйлығының аясында өткен «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығы табыс етілді! Осы іс-шараны өткізудің бастамашысы «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры болды. Сыйлықтың негізгі міндеті – Қазақстанның ең үздік және талантымен танылған танымал балалары мен еңбегімен көзге түскен балалар ұйымдарының  жеткен жетістіктері, сондай-ақ оларды тану мен көтермелеуді жүзеге асыру.

Байқауға барлығы 56 өнерпаз қатысып, олардың 14 номинация бойынша 28-і ғана марапатталды. Үздіктер тізіміне түрлі салада топ жарған жас дарындар және балалар ұйымдары кірген. Байқаудың тәртібі бойынша, таланттылар  жылына бір-ақ рет салтанатты түрде марапатталады.

Құт қонған Қостанай жерінде бас қосқан еліміздің түкпір – түкпірінен жиналған жас таланттарды марапаттау рәсіміне аймақ басшысы арнайы қатысып, үздіктердің болашағынан зор үміт күтетіндігін айтып, барлығын  жеткен жетістіктерімен құттықтады.

Осы жиында байқау қорытындысы бойынша Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «ҮЗДІК БАЛАЛАР ҰЙЫМЫ» атты республикалық номинацияға ие болды.

Бұл еңбегіміздің жемісіне  өте қуаныштымыз,  әлі де алар асуымыз бен жетер жетістігіміз алда болады деген сенімдеміз!

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!

 


Жарияланды: 31.05.201908:48

Автор: