«Үздік тәлімгер портфолиосы – 2020» қалалық байқауы өтті
Қалалық «Жас-Ұлан»
балалар ұйымы
штабының төрайымы
Алдамжарова Ақбота Меңдешқызы
Байқаудың мақсаты:
-мектеп тәлімгерлерінің жұмысына қолдау көрсету;
– атқарылған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін топтастыру және талдау;
– «Үздік тәлімгер портфолиосын» анықтау.
Әділ қазы мүшелері байқау ережесінде көрсетілген бағалау критерийлері бойынша тәлімгерлердің портфолиоларын бағалап, өз қорытынды шешімдерін шығарды.
Жалпы шешім бойынша І орынға 3 мектеп тәлімгері лайық деп танылды. Олар:
І орын – Муслимова Дана, №10 жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері,
І орын – Куралбекова Айнагул, №5 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері,
І орын – Хамит Сая, №3 Б.Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп тәлімгері.
ІІ орын – Мирамова Асел, №6 А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының тәлімгері,
ІІІ орын – Кенжеғұл Қаламқас, №1 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері.
Белсенді қатысқаны үшін:
Смаилова Сауле – Родина жалпы орта білім беретін мектеп тәлімгері,
Какимжанова Асел – №4 Кейкі батыр атындағы мектеп тәлімгері,
Жолдыбаева Жансая – №2 жалпы орта білім беретін мектебі,
Қыпшақбаева Айдана – Ы.Алтынсарин атындағы гимназия.
Жүлдегерлеріміз дипломмен қатар ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Өз жұмыстарын ұсынған тәлімгерлерге алғыс білдіре отырып, жұмыстарына толағай табыс, жеңістері мен жетістіктерінің көп болуын тілейміз!






Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












