«Жұлдызды сәт» байқауының қорытынды есебі

2020 жылы 24 ақпанда  қала және ауыл мектептері арасында «Жұлдызды сәт» атты шығармашылық сайыс өтті. Сайыстың негізгі мақсаты: жалпы мәдениетті тәрбиелеу, командалық рухты дамыту, көркемөнерпаздардың дамуына ықпал ету, дарынды және талантты балалар мен жасөспірімдерді анықтау.

Міндеттері: Жасөспірімдердің өзіндік қабілеттерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өзін-өзі бағалауға жағдай жасау; жасөспірімдердің қоғамдық белсенділігінің қалыптасуына жағдай жасау; олардың арасында шығаршығармашылық ойлауды қалыптастыру; шығармашылықтың әртүрлі түрлерін кеңінен тарату. Сайысқа қала және ауыл мектептерінің 1-9 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.  Олар: хареография, аспаптық орындау, көркемсөз оқу, цирктік шеберлік және театрландырылған қойылым бойынша өз өнерлерін ортаға салып, сынға салды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі іріктеу кезеңі, яғни 17.02.20 күні «Жас-Ұлан» БЖО мәжіліс залында өтті. Оған 14 мектептен жиналған 38 қатысушы келіп, екінші кезең финалға 18 қатысушы өтті. Қатысушыларға қойылған талаптар және бағалау критерийлеріне мыналарды жатқызамыз: номердің композициялық көркемдік бірлігі, орындау туралы жалпы шешімнің тұтастығы, негізделген музыканы таңдау, эксперессивті құралдарды қолданудың негізділігі, номердің эстетикалық болуы, орындау шеберлігі мен өзіндік ерекшелігі, қойылымның жаңашылдығы мен авторлығы, номердің шығармашылыққа сай безендірілуі (костюм, музыкалық сүймелдеу, атрибуттары). Сайысқа барлық қала мектептері қатыст және ауыл мектептерінен Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі бой көрсетті. Сайысқа көбіне кіші буын оқушылары қатысты. Олардың қойылымын әділ қазылар алқасы 5 балдық жүйемен бағалады. Әділ қазылар алқасы құрамында «Жас-Ұлан» БЖО әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Шапаева З.Р., «Эдельвейс» спорттық-туристік ұйымының жетекшісі Оразалин О.К., «Жайдарман» ұйымының жетекшісі Сейтхожин Н.Т болды. Көрермен құрамында барлық қатысушының қолдаушылары, жетекшілері, ата-ана-аналары және сайысқа қызығушы топ та болды. Нәтижесінде Кіші буын қатысушылары арасында А.Байтұрсынов атындағы гимназия оқушысы Әбдібек Әлихан «Көркемдік шеберлік» номинациясы, «Балауса» би тобы «Көрермен көзайымы» номинациясы, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназия оқушысы Шамбыл Аяулым «Көрермен көзайымы», орта буын қатысушылары арасында Б.Майлин  атындағы №3 ЖОББ мектеп оқушыларының топтық орындауындағы әртістік өнер «Көркемдік шеберлік» номинациясын жеңіп алды.  Сонымен қатар кіші буын қатысушылары арасында №10 ЖОББ мектебінің оқушысы Сарбас Дариға ІІІ орын, Т.Әубәкіров атындағы ЖОББ мектеп оқушысы Нұржанова Нұрсая ІІ орын, Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы Мағзұм Нұржігіт І орынға ие болды. Орта буын оқушылары арасында Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектеп оқушыларынан құралған «Бишілер» тобы ІІІ орын, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы оқушысы Түгел Мадина ІІ орын, А.Байтұрсынов атындағы гимназия оқушысы Чапай Нұрсұлтан І орынға ие болды. Жеңімпаздардың барлығы мадақтау грамотамы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Бұл оқушылардың барлығы өздерінің ерекше дарындылығымен және жарқын қойылымдарымен озды. «Жұлдызды сәт» байқауы өзгеше биші, көркемсөз оқушы және әртістерді көрсете білді. Бұл оқушылардың бойындағы қасиеттерді ашуға, жаңа шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға шабыттандыруға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жарияланды: 02.03.202015:14

Автор: