«Жәуке батыр» кешені
📚ЖӘУКЕ БАТЫР ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР БІЛЕСІЗ?📚
📌49°32’50.03″N 66° 8’54.94″
Екідің нысанынан қашық емес, ойпаңдау жерде ескі қорым бар. Соның арасынан әйгілі Жәуке батырдың кесенесі «мен мұндалайды». Ол өзінің ержүректігімен, атақты Кенесарының сенімді серігі болған.
Осы жерге ұрпақтары даңқты бабаларының 175 – жылдығына арнап, 90 –шы жылдардың екінші жартысында жауынгерлік дулыға бейнесіндегі ескерткіш белгі орнатты. Бұл белгі осы жерден өткен жолаушыларға алыстан көрініп, атақты Жәуке батыр ерліктерін еске түсіріп тұрады.
Екідіңге жақын жерде атақты Жәуке батырға арналған мешіт бар. Құлшылық үйін ХХ ғасырдың аяғында Жәуке батырдың ұлдарының бірі салғызған. Қызыл кірпіштен салынған бұл ғимараттың тұрғанына қазір ғасырдан астам уақыт өткен. Мешіт уақытында тек құлшылық үйі ғана емес, сонымен қатар, ауыл балаларының білім алатын орыны да болған. Құлшылық үйі жанынан медресе ашылып, онда балалар Ислам негіздерін үйреніп, арабша сауаттарын ашқан.