Жаңа ТВ проект

2022 жылдың 16 ақпан күні, сағат 15:00-де «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектеп оқушылары арасында танымдық телевизиялық сюжеттер мен жаңа айдар құрастыру жөніндегі «Жаңа ТВ жоба» атты қалалық байқау өткізілді. Іс-шараға қаладағы барлық мектеп белсене ат салысты. Байқау қорытындысы бойынша, жүлделі ІІІ орынды Родина жалпы білім беретін мектеп оқушысы Таңатқан Ақнұр иеленді. Ал, ІІ орынға Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның оқушылары Асқар Аяжан, Абдығалым Гүлназ лайық деп танылды. Байқаудың І орнын А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Кадирбекова Дильназ еншіледі. Барлық жүлделі орын иеленген қатысушылар Мадақтама және ақшалай сыйлықпен марапатталды.


Жарияланды: 24.02.202210:23

Автор: