“Жақсылық жасайық” атты қайырымдылық акциясы

Қостанай облысы, Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” БЖО-да “Жас Ұлан” балалар ұйымының жоспарына сәйкес 24қазан 2 қараша аралығында “Жақсылық жасайық” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға орталық қызметкерлерінің барлығы ат салысып, ақшалай және киім-кешек түрінде көмек көрсетті. 3-қараша күні қаламыздың #12 жатақханасында тұратын жағдайы төмен және жалғызбасты аналардың ішінде 4 отбасыға азық-түліктей көмек беріп, қалғандарына киім-кешек тер таратылып берілді. “Жанашырлыққа жан риза” дегендей көмек алған отбасылар ризашылықтарын білдіріп қуаныштарын жасыра алмады. Қайырымдылық акциясына шын ниетімен қатысып, қолдау білдірген ұжым басшысы Е.Жаңбыршыұлына және ұжымға алғысымды білдіремін.
Қалалық штаб төрайымы Айкерім Ыбыраева


Жарияланды: 14.11.202309:22

Автор: