«Жайдарман» – ашық лигасы өткізілді

“Жас – Ұлан”  балалар мен  жасөспірімдер  ұйымының және «Жайдарман» клубы жетекшісі Сейтхожин Нуржан Тойшыбекулының ұйымдастыруымен «Болашақ жастар қолында!» тақырыбында 20.09.2019ж. күні Жайдарман  «Позитив» маусымының алғашқы маусымашар ойыны өткізілді.

Өткізу барысында келесі міндеттерді орындау жоспарланды:

  • Әзіл -сықақ іс-шарасын жоғары деңгейде өткізу;
  • Командалар арасында достық және іскерлік байланыстар орнату;
  • “Жайдарман” командаларының шығармашылық өсуіне көмек көрсету;
  • Шығармашылық белсенділікті қолдау;
  • Командалардың эстетикалық және мәдени дамуы;
    • Ең үздік командаларды анықтау және осы командалардың қалалық деңгейде өнер көрсетуін ұйымдастыру.

Мектеп оқушылары мен қаламыздың студенттері ат салысып, мынадай командалар өнер көрсетті:

1.Болашақ VIP (5  мектеп)

2.Абай үздіктері (6 мектеп)

3.Өзіншелер (8 мектеп)

4.Бизнесмендер («Жас – Ұлан» БЖО құрамасы)

5.Есте сақта қарындастары (ТГК)

6.Белгісіз әлем тұрғындары (ТГК)

7.Официанттар (Еркін құрама)

8.Русланның қыздары (АркГПИ)

9.Эврика (АркГПИ) және  маусымашар шымылдығын ашып берген қонақ команда «Есте сақта» (ТГК) командасы болды.

Әділ қазылар  –  Роговой И.И. – “Жас – Ұлан”  балалар мен  жасөспірімдер  ұйымының оқу-тәрбие жұмысы меңгерушісі,  Тануов Б.  – педагог,  Қожахметов Данияр-  «Ұландар» командасының капитаны,   Сейтхожин Нұрбол – «Бойдақтар» командасының ойыншысы,  Тайшыман Ержан – «Бойдақтар» командасының ойыншысы,  Қозбақова Айгерім – Республикалық деңгейде өнер көрсетіп, қаламыздың намысын жоғарғы лигада қорғап жүрген «Ару.kz» командасының капитаны болды.

Қорытынды бойынша: «Маусымашар чемпиондары» болып – № 8 мектеп «Өзіншелер» құрамасы, «Үздік ойыншы» – «Эврика» тобының ойыншысы АркГПИ  студенті – Жамбыл болса, «Стильді команда» – еркін құрама «Официанттар» болды. Барлығы марапатталды.

Жалпы маусымашар өз міндетіне толықтай жете алды.

Бұл ойынның  жалғасы 15.10.2019ж өткізілетін болады, келіп қатысамыз  деуші командалар және «КВН» өнерін сүйер көрермендер болса, есігіміз ашық, келіңіздер, көріңіздер, ат салысыңыздар!!!

 


Жарияланды: 23.09.201909:57

Автор: