Жайдарманның «Позитив» маусымының 1/8 финал ойындары өткізілді.
«Жас -Ұлан» БЖО ұйымдастыруымен 15.10.2019ж. мектеп оқушылары және студенттер арасында жайдарманның «Позитив» маусымының 1/8 финал ойындары өткізілді. Жалын атқан командаларымыз келген көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап,жоғарғы деңгейде ойын көрсете алды. Көрермендер жас ерекшелігіне келетін болсақ мектеп оқушыларынан бастап ата – әжелеріміз де жайдарлы жайдарман көрермендері болып, бір серпіліп тарқады. Ойынды ерекше жандырып, жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар болып суырылып алдыға шыққан командалар мектеп құрамасы «Абай Үздіктері», 8 мектеп «Өзіншелер», және 1/8 ойындарының чемпиондары атанған Торғайдан келген қонақ команда «Тәуіш.kz». Бұл ойында «Ең Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталған «Тәуіш.kz» командасының ойыншысы Әділұлы Абзал көзге ерекше түсіп, кішкентайлар жайында үлкен әңгіме айтқан болатын. Астарлы ой салып, салмақты әңгіме айта білген барлық командалар көрермендердің көңілінен шықты. 1/8 ойындары тек қана сәлемдесу сайысынан бақ сынасты. 13 команда ішінен келесі айналымға 10 команда жолдама алды.