“Жан” жазғы кинотеатрдың ашылуы
2022 Балалар жылы қарсаңында орталығымызда 7 маусым күні “Жан” жазғы кинотеатрының ашылуы болып өтті. Кинотеатрдың ашылу мақсаты: балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, мағыналы бейнероликтер көрсету арқылы балаларға ой салу.
Іс- шараға жазғы мектеп лагерьінің тәрбиеленушілері ат салысты. Балаларды бірінші қабаттан кезекші апайлар күтіп алып, екінші қабатқа жол сілтеді. Ал, екінші қабат нағыз мерекелік іс-шараның қайнаған ортасы болатын, оқушыларды түрлі- түсті киім киген клоундар күтіп алды. Әсерлі атмосфера орнату үшін оқушылар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасады. Балаларға дүкендегі әдептілік ережелері туралы шағын көрініс көрсетілді. Ең алдымен клоундар іс- шара барысымен түсіндірді. Және бұл жерде мерекелік көңіл- күйді қалыптастыру үшін “Адалдық дүкені” жұмыс жасады. Адалдық дүкенінде балаларға арналған тәттілер, сусындар және дәмді тоқаштар дайын тұрды. Бұл дүкеннің ерекшелігі ешқандай сатушысыз әр бала кез- келген қалаған затын алып жеп, ақшасын кассаға қалдырады.
Адалдық дүкенінде арнайы дайындалған кассалар және, қалған ақшаны алатындай тиындар орналасқан. Әр заттың тұсында өз бағалары жазылған тақтайшалар бар. Адалдық дүкенінен қалағанын алған балалар кезекті залға өтеді. Кинотеатрда “Жан” атты балаларға арналған мултиапликациялық ролик көрсетіледі. Балалардың барлығының жүзінде күлкі, қолдарында толған тәттілер . Біздің орталығымызда осындай іс- шаралар көп болса деген ізгі- тілектерін білдірді.
Іс- шара ұйымдастырушылары: “Жас Ұлан” БЖО- ның барша ҚББ педагогтері. Қалалық балалар ұйымы “Жас Ұлан”