«Жан жылуы» қайырымдылық акциясы

28.10.2019 күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы іске асты. Акцияға барлық қала мектептері белсенділік таныта білді.

Әр мектеп тәлімгерлері өз іс-шарасын өткізіп, қайырымды іс жасаумен айналысты. Мектеп оқушыларынан артық киім-кешек, оқу-құрал, ойыншықтарды және жаңа заттар берумен қол ұшы көмегін созды. Солардың ішінде «Жас-Ұлан» штабы оқушылары мен «Жалын» көшбасшылар шеберлік мектебі оқушылары біріге отырып, балалар үйіне арналған түрлі ойындар, әндер және би көріністерін дайындады. Ертегі кейіпкерлеріне еніп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Атап айтсақ, «Ұшты-ұшты», «Ақсерек, көксерек», «Тышқан мен мысық» ойындары ойнатылды. Гитараның сүйемелдеуімен ән айтылды және топ биін билеп кішкентай балалардың көңіл-күйі  көтерілді. Сонымен қатар жиналған заттар, киім-кешек, кітаптар және тағы заттар медбикелердің тексеруімен қабылданды. Бүлдіршіндерге дәмді жеміс-жидектер мен сусындар сыйлық ретінде берілді.

Ең бастысы, барлық қала мектептерінің оқушылары белсенді ат салысып, көмектесуден тартынбады. Балалар үйіне барған қатысушылардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері арта түсті. Олардың өмірге деген құштарлығы арта түсіп, кез келген қиындыққа төтеп бере алатын сенім пайда болды. Балалар үйіндегі бүлдіршіндердің көңіл-күйлері көтеріле түсті. Ұйым басшысы мен медбикелері өз алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

 

 


Жарияланды: 01.11.201908:53

Автор: