Жас буынға жол сілтейді – «Жас-Ұлан!»

«Жас-Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер орталығының негізгі мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты етіп, оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, патриоттыққа тәрбиелеу. Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың « Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!»-деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді. «Жас-Ұлан» ұйымының балаларға берері мол. Олардың білім нәрімен сусындап, өнерді серік етуіне бірден-бір ықпал ететін ұйым. Жастар, жас ұрпақ-біздің болашағымыз. Болашақтың жемісін бүгіннен баптау, оларға дұрыс бағыт беру баршамыздың негізгі мақсатымыз. Осы бағытта балалар мен жасөспірімдер орталығында түрлі шаралар мен жұмыстар атқарылуда. Солардың бірден-бір дәлелі оқушыларға арналған ақпараттақ танымдық «Жас-Ұлан» журналы.  Журналымыздың жарық көргеніне 2 жыл болды. Осы уақыт уақыт ішінде қала және ауыл мектеп оқушылары мен ұстаздары өздерінің еңбектерін журнал бетінде жариялады. Орталығымызда болған іс-шараларда осы журналда жарық көрді. Журналдың негізгі мақсаты- шығармашылыққа қабілеті бар оқушылардың көзін ашу, өзіндік жазу стилін қалыптастыру мен дамыту. Қазіргі таңда жас буын техникаға бейім заманда бір сәт қолына қалам алып, өз ойын ақ қағазға түсіре білуде үлкен еңбек. Екі жыл ішінде оқушылардан қаншама  хаттар келді. Сараптап саралап , журнал бетіне шығарып отырдық.

Осыдан екі жыл бұрын алғаш лентасы қиылып оқырманға жол тартқан журналымыз былтыр бір жылға толып, тұсауы кесіліп одан сайын оқырман санын көбейтті. Сол дәстүр бойынша жақында «Жас-Ұлан» ақпараттық балалар журналының 2 жылдығына арналған «Екі жыл біз біргеміз»  атты дөңгелек үстел өтті. Жыл бойы журналға белсенділік танытып, мақала жолдаған оқушылар мен мұғалімдер марапат пен алғыс хатқа ие болды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар мен мұғалімдер  журналға деген өз ұсыныстары  мен пікірлерін жеткізді.  Алдағы уақытта барлық оқырман пікірі ескерілетін болады.

Журналға құрылтайшы: «Арқалық қалалық әкімдігінің білім бөлімі» ММ, «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК. Және де түрлі түсті етіп, сапалы қағазға басып шығаруға демеуші «Креатив» жарнамалық безендіру агенттігі. Журнал А4 форматында 20 бет болып жарыққа шығып, қаламыздағы және ауыл мектептеріне жол тартады.

Елімізде қазіргі таңда «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Ертегілер әлемінде», «Жыл он екі ай», «Хан талапай», «Балдырған»  сынды көптеген балалар  басылымдары  бар. Біздің «Жас-Ұланда» солардың ізін басып келе жатқан журналдардың бірі. Алдағы уақытта журналды ары қарай дамытып, тараламының көбеюіне бірге ат салысамыз деген ойдамыз. Қаламы қарымды, жазуға деген қабілеті бар балалар болса біздің журналға хат жолдаңыздар.

 


Жарияланды: 03.02.202013:28

Автор: