«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Мақсаты: жас ұрпақтың бойына патриоттық, өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлығын ояту. Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілікті қалыптастыру. Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. Міндеттері: – балалар мен жасөспірімдерді. ұйымының қоғамдық өміріне тарту; – балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; – танымдық жұмыстарға ынталандыру; – зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау; – жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыру; – өзіндік ойлау мен өзіндік сана – сезімді, көшбасшылық мінез – құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық қабілетін, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес қалалық іс – шаралар өз уақытында өткізіліп отырылады. Іс – шараға штаб оқушылары белсене ат салысады. Сонымен қатар, мектептердің мектеп парламентінің ұланбасылары мен аға тәлімгерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасалынып отырады.


Жарияланды: 05.04.202413:01

Автор: