«Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамалары жобасы аясындағы «Жақсылық – адам жанының нұры!» атты концерт өткізілді

«Жалын» балалар ұйымы тәрбиеленушілерінің және  Арқалық қаласы, «Жас – Ұлан» БЖО, қалалық балар ұйымы штабының төрайымы Алдамжарова Ақбота Меңдешқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамалары жобасы аясында «Жақсылық – адам жанының нұры!» атты концерттік бағдарлама болып өтті. Концерттік бағдарламаны ұйымдастырудағы басты себеп – «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық жобасы болса, екінші себеп – қазіргі бір-бірімізге жатбауыр болған заманда әр адам жүрегіне жылулық, мейірімділік нұрының ұшқынын беру болатын.

Концерт шымылдығын «Грация» би тобы «Na dardim» атты өзбек биімен ашты. Кейін қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі  – зағип, мүгедек жандарға деген жастарымыздың қарым-қатынасы суреттелетін көрініс көрсетілді. Және де баласы дүниеге келгеннен бағып-қағып, барын беріп өсірген ата-анасын қарттар үйіне апарып тастаған балаларының да, қазыналы қарттарымыздың да жағдайлары назардан тыс қалған жоқ. Бұндай жағдайлардың барлығы да көрініс болып көрсетіліп, ән болып өрнектелді. Адам өміріндегі басты құндылық – уақыттың қадірі туралы да көркемсөз оқылды. Бала үшін «қос бәйтерек» – «Әке-Ана» тақырыбы турасында да әндер шырқалды. Ойға батқан көрерменнің көңіліне «Пәленшенің балалары» КВН командасы серпіліс жасап, көңілдерін көтерді. «Жалын» балалар ұйымы тәрбиеленушілері үнді биінен де, қазіргі заман биінен де шашау шашып, көрермен қошеметіне бөленді. «Жан жылуы» әні орындалып, концерттің түйіні қойылды. Концертке көрермен ретінде қала мектеп оқушылары мен аға тәлімгерлер қатысты. Бұл ұйымдастырылған «Жақсылық – адам жанының нұы!» атты концерттік бағдарламамыз келген әрбір көрермен жүрегіне кішкене  де болса мейірім шуағы мен жақсылық нұрын септі деп ойлаймыз.

 

 

 


Жарияланды: 21.02.201915:22

Автор: