«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбында қалалық жайдарман ойындарының ¼ финалдық сайыстары өтті

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбында қалалық жайдарман ойындарының ¼ финалдық сайыстары өтті
Қаңтардың 23-і күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбында қалалық жайдарман ойындарының ¼ финалдық сайыстары өтті.
Сайыс кезеңі:
1)Cәлемдесу
2)Бес жаңалық
Ойынға қала мектептерінен барлығы 5-команда қатысты:
1) «Ұлдар емес» Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
2) «Кейкі ұрпақтары» Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
3) «Бас бармақ» еркін команда.
4) «Фаворит»«Жас Ұлан» БЖО командасы.
5) «Қызыл қозы»Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия командасы.

Әділ-қазылар алқасы:
1) Өтепбай Жанболат – Арқалық жайдарман ойындарының үздік ойыншысы.
2) Бауыржанқызы Ақмарал – «Тұмар» би үйірмесінің жетекшісі.
3) Сәбитбек Ақерке – «Жер жарар» ТГК жайдарман командасының ойыншысы.

Ойын қортындысы бойынша барлық қатысқан команда ½ финалдық ойынға жолдама алды.Әртістік шеберлігімен көзге түскен 2ойыншы сайыстың «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды. Олар:
1)Есқали Жасмин – «Ұлдар емес» Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің командасының ойыншысы.
2)Мақсұтбек Ерназар – Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия «Қызыл қозы» командасы ойыншысы.
«Позитив» клубының жетекшісі: Ербосын Р.Н.


Жарияланды: 01.02.202408:18

Автор: