Қош келдің, әз Наурыз!

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!»атты ойын-сауық шарасы өткізілді
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан орын алған.Ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуі жаңарудың белгісі.

Ежелгі күнтізбеге сай қазақ халқы жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні деп есептеген. Көктем келіп күнмен түннің теңелуіне байланысты жаңа күн деп санап, парсы күнтізбесі бойынша наурыз мейрамын тойлаған. Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда толық жаңару керек. Бұл күнге халық барынша дайындалады. Күн мен түн теңеліп жер дүние жаңарып, жасаратын күн. Жаңа жыл басталатын мейірім мен шапағатқа, қайырымдылық пен рақымға толы ай. Бұл мейрам тек үш күн ғана емес алдағы айдың соңына дейін көпшіліктің аузынан түспей тойланатын мереке. Тек қуанышпен, көтеріңкі көңіл-күй жыл бойына тек жақсылық болуаға ниет ету.
Осы Наурыз мерекесін бізде орталығымызда тойлап «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ойын-сауық шарасын өткіздік. Мұнда «Жас-Ұлан» ауылындағы дүбірлеген тойдың куәсі болдық. Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Цвентух Елена Семеновнаға берілді. Қазақ киімдерін киген қонақтар, балалар айнала жайылған дастархандарға жайғасып отырып мерекелік әндер мен күйлер шырқап, қазақы билер және ойындар ойнады. Ақ батасын беруге Қыдыр ата мен шашуын шашуға Наурыз әжеміз келіп, мерекемен құтықтап, бата беріп ақ дастарханға жайғасып, қонағымыз болды. Салт-дәстүрімізден мол көрініс тапқан тағылымға толы «Қыз ұзату» рәсімі көрсетілді. Бұл шара өте жақсы деңгейде өткізілді, мерекеге сай безендіріліп, түрлі қазақы ас мәзірлері дастарханға қойылды.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз» атты «Жас-Ұлан» ауылындағы думанды тойымыз осылай өз мәресіне жетті. Келер жылға дейін еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 


Жарияланды: 27.03.201909:19

Автор: