«Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының облыстық жүлделі жеңістері…
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде балалардың әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобаларының «Идея бар» облыстық байқауы өткізілді.
Бұл байқау ең бірінші қалалық деңгейде, Арқалық қаламызда, қала мектептері мен қосымша білім беру орталықтары білім алушылары арасында сырттай ұйымдастырылып, қорытынды бойынша «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының бес номинация бойынша жұмыстары бірінші орындарды иеленіп, жобалар облысқа жіберілген болатын.Қостанай облысының 17 өңірінен қатысқан, 97 жұмыс ұсынылған облыстық байқау қорытындысы бойынша біздің жіберген жобаларымыз үш номинация бойынша келесі жеңімпаздармен анықталды:
1 орын – Балуто Валерия, «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша, жұмыстың атауы: «Арқалық өңірінің жеті кереметі». Жетекшісі – Оразалина А. Д.
2 орын – Кравченко Адель, «Жаңғырту полюсі» номинациясы бойынша, жұмыстың атауы: «Қостанай облысы қонақтары мен туристеріне арналған өлкетану бағытындағы қыш кәдесыйлар әзірлеу бойынша балалар мен жастарға шығармашылық». Жетекшісі – Латыпов Э.С.
3 орын – Жұмабек Аружан, «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы бойынша, жұмыстың атауы: «Киіз үйдің құдіретіне жоқ талас…». Жетекшісі – Сүйінбекова Г.Т.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бірінші орын алған байқауға қатысушы «Менің бастамам – менің Отаным» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.
Облыстық деңгейде «Идея бар» байқауына жіберілген барлық біздің жобалар міндетті түрде «Жас – Ұлан» БЖО іске асырылатын болады.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!