«Жас-Ұлан» орталығында Позитив лигасының жартылай финал ойындары өткізілді
25 ақпанда 2020 жылы БЖО «Жас-Ұлан» орталығында Позитив лигасының жартылай финал ойындары өткізілді.
Ойынның тақырыбы «Еріктілер-ел болашағы». Финалға деген талас,жүйріктен жүйрік озар ойын болғанына себепші қолдауға келген жайдарман сүйер көрермендер мен ойынға әділ баға берген әділ қазылар алқасы. Әділ қазылар алқасы бұл жартылай финалда ерекше құрамда болды.Атап өтсек:
1.Жас Отан Жастар қанатының төреағасы – Қожахметов Данияр
2.Позитив лигасының бас редакторы болып белгіленген – Тайшыман Ержан
3. БЖО «Жас-Ұлан» жанынан құрылған «Фемида» дебат клубының жетекшісі – Абжанов Ерік
4.Арқалық қаласының от ауыз,орақ тілді асабасы – Дархан Бейсов
5. Әділ қазылардың төреғасы болып , Ыбырай Шәкірттері құрамасының капитаны болған – Иманкұл Кенжебек бекітілді.
Ойын жайында айтар болсақ жартылай финалға жолдама алған 9 команда ойын басталғаннан бастап көрермендерін қуантып,финалға өтуге дайын екендерін дәлелдеуге тырысты. Өнер көрсеткен командаларды атап өтсек,олар:
1.Өзіншелер (8-мектеп)
2.Шоқан Жастары (1-мектеп)
3.Абай Үздіктері (6-мектеп)
4.Premium Class (ДЮЦ құрамасы)
5.Белгісіз әлем тұрғындары (ТГК)
6.Доллар (АПК)
7.Русланның қыздары (АркГПИ)
8.Эврика (АркГПИ)
9.Тәуіш.кз (Торғай құрамасы)
Бұл ойын екі сайыстан құралды,Сәлемдесу және Әуенді биатлон. Қай команда Финалға жолдама алатыны әділ қазылар үшін қиын таңдау болғанмен,екі сайыстың нәтижесі бойынша 5 команда суырылып алдыға шығып,Позитив лигасының кезекті финал ойындарына жолдама алды. Финалдан көре алатын командалар олар «Өзіншелер», «Абай Үздіктері», «Тәуіш.кз», «Белгісіз әлем тұрғындары» және Жартылай финал чемпиондары атанған «Premium class» . Мінекей осы командалар Финалдың сәнін кіргізбек. Финал ойындарында чемпиондыққа талас жалынды ойын болатыны сөзсіз. Жайдарман сүйер қауымды Финалдық ойындарда асыға күтетін боламыз.