«Жаса, жаса Қазақстаным!»

«Жаса, жаса Қазақстаным!» патриоттық әндер байқауы

 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

қала-ауыл мектеп оқушылары арасында өткізілген «Жаса, жаса Қазақстаным!» атты патриоттық әндер байқауының қорытындысы.

 

Патриоттық әндер үгіт – насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түседі. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор.

03.12-13.12.2020 аралығында БЖО «Жас-Ұлан» жанынан құрылған «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебі мен «Подросток» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Жаса, жаса Қазақстаным!» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Патриоттық ән байқауы жас жеткіншектер бойында Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға тәрбиелей отырып, ұлттық мінез, ұлттық намысты қалыптастыратын өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткізіліп отыр. Патриоттық әндер байқауына 71 оқушы қатысты, соның ішінде Ы.Алтынсарин атындағы гимназия,А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия, Б.Байқадамов атындағы музыкалық мектебі, Алуа бастауыш мектебі, №3, №4, №5, №10, Родина, Восточный, Фурманов, Сарыөзен, А.С.Макаренко орта мектептері және  Аңғар, Көктау, Қызылжұлдыз негізгі мектептерінің оқушылары белсене атсалысты. Байқау ережесі бойынша қала-ауыл мектептерінің 1-11 сынып аралығындағы оқушылары Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жанды дауыста патриоттық ән орындауы қажет болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

1-4 сынып аралығында жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

1 орын- Жұмабаева Айсұлу, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 1 «А» сынып оқушысы.

1 орын- Каким Алдияр, Каким Мадияр, М.Әуезов атындағы №5 орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы.

2 орын- Жұмабай Дильназ, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 3 «А» сынып оқушысы.

2 орын- Багдаткызы Айерке, Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебінің 2 сынып оқушысы.

2 орын- Баймұрат Кәусар, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 1 «Б» сынып оқушысы.

3 орын- Қадыр Нұрали, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 4 «Ә» сынып оқушысы.

3 орын- Алпамыс Мирас, Б.Майлин атындағы №3 орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы.

3 орын- Амантай Айару, Қызылжұлдыз жалпы негізгі білім беретін мектебінің 2 сынып оқушысы.

3 орын- Сарбасова Гаухартас, Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебінің 3 сынып оқушысы.

3 орын- Фазылхан Айзада, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 2 «Ә» сынып оқушысы.

5-7 сынып аралығында жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

1 орын- Жусупбекова Айару, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 5 «В» сынып оқушысы.

1 орын- Мақсұтбек Аружан, Аңғар жалпы негізгі білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.

2 орын- Дәулет Айару, Б.Байқадамов атындағы музыкалық мектебінің 5 сынып оқушысы.

2 орын- Сапабекұлы Медет, Восточный орта мектебінің 7 «А» сынып оқушысы.

3 орын- Мылтықбеков Мырзаби, Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебінің 6 «Ә» сынып оқушысы.

3 орын- Сапабекова Көркем, Көктау жалпы негізгі білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы.

3 орын-Шашубай Жанбота, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 6 «Б» сынып оқушысы.

8-11 сынып аралығында жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

1 орын- Тұрсынбек Сырым, Фурманов жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.

2 орын- Хамидуллин Арон, М.Әуезов атындағы №5 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы.

3 орын- Ибраева Назымгүл, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы

Ұйымдастырушылар: «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің жетекшісі Файзуллина А.Н.

 «Подросток» үйірмесінің жетекшісі Түбекова Ә.Ә.




















Жарияланды: 22.12.202008:35

Автор: