Жасанды рельефте туристік көпсайыс
2023 жылдың 7 қараша күні, Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Эдельвейс» спорттық туризм клубының ұйымдастыруымен өткен “Жасанды рельефте туристік көпсайыс” атты аймақтық қала және ауыл мектептеріндегі спорттық туризм бағытында жұмыс жасайтын мектеп және қосымша білім беру орталықтарының жетекшілері мен тәрбиеленушілеріне арналған спорттық туризм бойынша аймақтық практикалық семинары өтті. Аймақтық семинарға Жангелді, Амангелді аудандары шақырылып, ал Арқалық қаласынан “Жас Ұлан ” балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері мен қаламыздын әр мектебінен бір дене шыныктыру пән мұғалімдері қатысқан еді.
Семинар жоспарланған бағдарламасы бойынша барлық кезеңдер өткізіліп, семинарға қатысқан мұғалімдер мен оқушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Семинар ұйымдастырушылары: “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы және спорттық туризм жетекшісі Жусупов М.Ш.