“Жасанды рельефте туристік көпсайыс” атты спорттық туризмнен жарыс
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Эдельвейс» спорттық туризм клубының ұйымдастыруымен өткен қала және ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында “Жасанды рельефте туристік көпсайыс” атты спорттық туризмнен жарыс өткізілді. Жарыс бағдарламасы:1 кезең жартастан траверс тәсілімен өтіп, 2 кезең өрмелеу арқылы жоғары міну, 3кезең арнайы тежеу құрылғымен төмен түсу шартымен өткізілді.Қала мектептерінен барлық 10 мектеп қатысып, жалпы 40- қа жуық спортшылар қатысты. Жеңімпаздарға келетін болсақ:
Командалық жалпы есепте
1 орын- Ш.Уалиханов атындағы № 1 мектеп;
2 орын- М.Әуезов атындағы№ 5 мектеп;
3 орын- Б.Майлин атындағы№3 мектеп;
Ал жекелей сайысында үздік болғандар:
1 орын- Аусабит Жасқыран- Ш.Уалиханов атындағы № 1 мектеп
2 орын -Жолтаев Жан- Ш.Уалиханов атындағы № 1 мектеп
3 орын -Құрманғазы Райымбек – Ш.Уалиханов атындағы № 1 мектеп
қыздар арасында:
1 орын- Ибрагимова Жанбота М.Әуезов атындағы№ 5 мектеп;
2 орын –Бәшір Арай Ш.Уалиханов атындағы № 1 мектеп;
3 орын- Қабылжан Жанерке Бөкейхан атындағы мектеп жеңіп алды.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.
Ұйымдастырушы педагог Жусупов М.Ш.