«Жастар» кіші спартакиада есебіне қала және ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Халық добы» атты қимыл қозғалыс ойыны өткізілді

⚜️2025 жылдың 14 наурыз күні  22-Наурыз мейрамы қарсаңында «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер орталығының  ұйымдастыруымен «Жастар» кіші спартакиада есебіне  қала және ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Халық добы» атты қимыл қозғалыс ойыны өткізілді.  Жарысқа барлық қала мектептері қатысып ,әр команда сапында 8 ойыншыдан ұл баладан, жалпы 80 нен астам оқушы қатысып, командалық есепте жеңімпаздар анықталды. Бұл жарыс түрі қаламызда алғаш рет ойнатылып жатқан соң, өте тартысты және қызықтарға толы болды. Болашақта бұл «Халық добы» қимыл қозғалыс ойыны қаламызда дамуына зор сенімдімін.
Жарыстын жеңімпаздарына келсек:
Командалық жарыста :
І орын- А.Байтұрсынов атындағы бастауыш мектеп -гимназиясы;
ІІ орын-М.Әуезов атындағы №5 мектеп;
ІІІ орын –А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы ;
Жарыс ұйымдастырушысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының спорттық-сауықтыру жұмыстарының педагогы: Марат Е.Б.

Жарияланды: 15.03.202508:01

Автор: