“Жастар” спартакиадасы өткізілді
“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығында қала және ауыл мектептері арасында 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен “Жастар” спартакиадасы өткізілді.
1-4 сынып оқушыларының өзара ішінде “жарға өрмелеу” сайысы ұйымдастырылды. Оқушылардың ептілікке, жылдамдылыққа,дене шынықтыруға деген қызығушылығын жарыстар арқылы ,бағалау барысында жылдамдығымен көзге түсіп жүлделі орын алған оқушыларда болды. Атап айтсақ:
🥇 орынды – Мұхтар Әуезов атындағы мектебінің оқушылары жеңіп алды;
🥈 орынды -А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия мектебінің оқушылары иеленді;
🥉 орынды-А .Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары ие болды.
Оқушылар арасында өткізілілген жорғалау спорттық сайыстың мақсаты: Оқушылардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу ,оқушылар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту болатын.Жалпы жастар спортакиядасының мақсаты нақыты орындалды деседе болады.