«Жастар» спортакиадасы аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында қыздар пионерболынан жарыс өтті

«Жастар» спортакиадасы аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында қыздар пионерболынан жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, ой-өрісі мен танымдық іс-әрекетін дамыту, моториканы, дағдылар мен дене қасиеттерін дамыту, оқушыларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту. Жарысты қорытындылай келе:
1 орын – Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ-нің командасы,
2 орын – Шоқан Уалиханова атындағы №1 ЖББМ-нің командасы,
3 орын – Фурманов ЖББМ-нің командасы алған еді.


Жарияланды: 31.01.202415:59

Автор: