« Жаз – 2019» бір санда 3 ауысым қызықтары…

Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі  «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында түрлі шаралар мен  жұмыстар атқарылуда.  Солардың бірден – бір дәлелі  оқушыларға арналған ақпараттық танымдық «Жас – Ұлан» журналы.  Журналымыздың жарық көргеніне  1 жылдан астам уақыт болды.

 Осы уақыт аралығында қала және ауыл мектеп оқушылары мен ұстаздары өздерінің еңбектерін журнал бетіне жариялап келеді.  Орталығымызда болған іс – шаралар осы журналда жарық көруде.

Журналдың негізгі мақсаты – шығармашылыққа қабілеті бар оқушылардың көзін  ашу,  өзіндік жазу стилін қалыптастыру мен дамыту.

Жазғы демалыстарда оқушыларға арналған ақпараттық – танымдық журналының  маусым, шілде, тамыз  айларының  кезекті  саны  басылып шығарылды.

«Жаз – 2019» тақырыбындағы  бұл  журналда  биылғы  жазғы  орталығымыздың  және  қала  мектептерінің  ұйымдастырған  демалу  лагерлерінің  қызықтары жарияланды.  Мұнда лагер басшылары, клуб, үйірме  жетекшілері, отряд жетекшілерінің  легер  жайлы қызықты  мақалалалары  еңгізілді.


Жарияланды: 05.09.201916:37

Автор: