«Жаз offline» 2 – ауысым лагерь оқушылары қалалық әмбебап кітапханасына экскурсия

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімлер орталығының» «Жаз offline» 2 – ауысым лагерь оқушылары қалалық әмбебап кітапханасына экскурсия жасады. Кітапханашы оқушыларға кітапхана туралы, абонемент,оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы толық мағлұматтар берді. Сондай – ақ іс – шара барысында оқушылардың назарына ертегі кітаптар, қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар,тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Кiшкентай оқырмандарымыз қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып бердi.

Кездесу барысында балалар кітапханашыны тек мұқият тыңдап қана қоймай, викториналық сұрақтарға белсене қатысып жауап берді. Қыздар мен ұлдар «Қандай спорт?», «Кім жылдам» ойындарын ойнады, балалар бос уақыттарын көңілді және пайдалы өткізді. Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап сүюге, кітаппен дос болуға шақырып тәттілер үлестірді. Оқушы саны – 25.



Жарияланды: 08.07.202409:19

Автор: